Баку қаласында Каспий өңіріндегі интеграциялық іскерлік клубтың кезекті отырысы өтеді

Жиналысқа министрлер кабинетінің мүшелері, экономикалық даму министрі Фархад Алиев пен Әзербайжанда жұмыс істейтін дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысады. Отырыс қорытындысы бойынша Каспий және Қаратеңіз бассейніндегі 7 мемлекеттің президенттері мен Еуропалық Одаққа арнап мәлімдеме қабылданбақшы.

Қазір CIBC клубына 10 елдің әртүрлі экономикалық салаларында еңбек ететін 60-тан астам компаниясы мүше болып табылады.