Б. Йылдырымның айтуынша, көптен бері сөз жүзінде қалып келген бұл жоба 2004 жылдан бастап жанданды. 24 шілдеде Карста (Түркия) жолдың түркиялық бөлігінің іргетасын қалау рәсімі өтеді. Оған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Грузия президенті Михаил Саакашвили мен Түркия президенті Абдулла Гүл, сондай-ақ, барлық үш елдің көлік министрлері қатысады.
Баку - Тбилиси - Карс темір жолы 2011 жылы пайдалануға беріледі. Бастапқыда бұл бағытта жылына 1 млн жолаушы мен 6 млн 500 мың тонна жүк тасымалдау межеленген. 2034 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 3 млн жолаушы мен 17 млн тонна жүкке жетеді.