"Комиссия отырысы Әзербайжанның сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов пен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Александр Яковенконың жетекшілігімен өтеді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, комиссияның соңғы отырысы 2007 жылдың 11-12 шілдесі күндері Махачкалада өткен.
Баспасөз қызметі түсіндіргендей, қазіргі күні екі ел арасында Әзербайжан-Ресей шекарасындағы үш аумақ келісілмеген қалпы қалып отыр. Біріншісі - Әзербайжан Республикасының Балакен ауданында, Әзербайжан, Ресей және Грузия мемлекеттерінің шекараларының түйіскен жерінде орналасса, екіншісі - Әзербайжанның Гусар ауданында Самур өзенінің аңғарында орналасқан. Ал үшіншісі - орманды Хачмаз ауданында орналасқан.
Әзербайжан-Ресей шекарасының жалпы ұзындығы 370 шақырымды құрайды. Қазіргі кезде шекараның 90-95 пайызы келісілген.