Бакуде Әзербайжан және Ресей лидерлерінің кездесуі басталды

Қазір Д. Медведев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жеке кездесуі өтуде. Бұдан кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа, соның ішінде екі жақты ықпалдастықтың келешек бағыттарын айқындап беретін Достық және стратегиялық серіктестік жөніндегі декларацияға қол қойылмақ.

Сапар аясында Д.Медведев Гейдар Әлиевтің бейіті мен қаза тапқан батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Әзербайжандағы діни конфессиялардың жетекшілерімен сұхбаттасып, Гейдар Әлиев қорына барады.