" Бакуде Еуропалық комиссиясы өкілдігінің ашылуы біз үшін аса маңызды оқиға. Бұл ЕО пен Әзербайжан арасындағы қатынастардың көрсеткіші және ол болашақта ынтымақтастықтың темірқазығы болады деген сенімдемін", -деп мәлім етті Еуропалық Одақтың сыртқы және көршілік саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро Вальднер.
Оның сөздері бойынша, бұл аймақта өкілдіктің желілерін дамытуға мүмкіндік береді.
Вице-премьер Абид Шарифов өз кезегінде ЕК өкілдігінің ашылуы Еуропада Әзербайжан жөнінде шынайы ақпараттың таратылуына және мемлекеттің Еуропалық Кеңес алдындағы міндеттерін орындауға көмек көрсететініне сенімді екенін жеткізді.
Словенияның ЕК төрағалық етіп отырған сыртқы істер министрлігінің басшысы Дмитрий Рупель атап өткеніндей, Әзербайжан Еуропа елдері үшін аса маңызды мемлекет.
Өкілдіктікті Әзербайжандағы Еуроодақтың өкілі Аллан Уаддамс басқаратын болады.