Бакуде "Еуропалық одақ- Әзербайжан-Грузия-Қазақстан" мәжілісі өтті

Баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз өткен отырысқа Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Әлиев, Грузияның энергетика министрі Ника Гилаури, Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігі газ депатраментінің басшысы Анарбек Тұланбеков және ЕО өкілдері қатысты.

Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Әлиев газды Әзебайжан арқылы Еуропаға тасымалдау мәселесі бойынша тек Қазақстан және Түркменстнмен ғана емес , Ресей және Иранмен де ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Министрлікте атап өткендей, кездесу барысында Түрікменстанның өңделіп сұйытылған газының Әзербайжан арқылы Еуропаға тасымалдануы үшін Қазақстанға жөнелту мәселелері, Транскаспий газ құбыры құрылысы жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері , аймақтық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар, Әзербайжан мен Грузия арасындағы электр және газ желілерін қайта жөндеуден өткізіп, Әзербайжандағы жер асты газ қоймаларының қуатын арттыру мәселелері талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті