Бакуде өрт салдарынан 16 адам қаза тапты


Қазіргі кезде қаза тапқандардың саны 16 адамға жетті, соның ішінде үш бала түтіннен тұншығып ажал құшқан. Тағы 63 адам зардап шеккен. 

Оқиға орнында жедел жәрдемнің 30 бригадасы жұмыс істеп отыр. Өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. 
Өрт кезінде ғимараттың алдында тұрған 5-тен астам көлік зақымдалды. 
Төтенше жағдайлар бойынша министрдің орынбасары Этибар Мирзоев жалын 4 сағатқа жуық уақыт сөндірілгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың пластик қаптамасы өртенген. Оқиға орнында елдің ішкі істер министрі Рамиль Усубов, бас прокурор Закир Гаралов, бас прокурордың орынбасары Рустам Усубов бар. 
Өз кезегінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік органдарға өрттің шығу себептерін анықтап, оған кінәлі азаматтарды жазаға тартуды бұйырды. Бұл туралы Әзербайжан президентінің қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көмекшісі Әли Гасанов айтты.