Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан бас штабтары ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

ҚР Қарулы күштерінің бас штабының басшысы Сәкен Жасұзақов кездесті.

Кездесуде тараптар әскери білім беру, екі елдің ҚК өкілдері арасындағы өзара ауысым, әскери-техникалық салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, Каспийдегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады.  

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан бас штабтары арасында ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. 

15 шілдеде аяқталатын Қазақстан делегациясының сапары барысында   Гейдар Алиев атындағы Жоғары әскери мектепке, Жоғары әскери-теңіз мектебіне, Әзербайжан ӘТК базасына бару жоспарланған.