Бакуде ТМД елдерінің онколог және радиолог мамандарының ІҮ сьезі өз жұмысын бастады

Осынау ауқымды халықаралық медициналық форумға қатысу үшін ТМД -ға қатысушы 11 ел мен Австрия, Германия, Үндістан, Иран және Түркияның танымал дәрігерлері мен ғалымдары жиналды. Жалпы алғанда сьезге 1000-ғажуық ғалымдар мен дәрігерлер қатысуда. Делегаттардың арасында ұлттық ғылым академияларының 21 нағыз мүшелері мен 17 корреспондент -мүшелері, 177 профессор, 278 ғылым докторы , 25 доцент пен 295 ғылым кандидаттары бар.

Құрылтайдың басты тақырыбы - қатерлі ісіктің алдын алу және онкологиялық аурулар туралы.

Бүгін Ресейдің медицина ғылымдары академиясының академигі, профессор Н.Напалков "Демографиялық кезеңдегі онкологияның әлеуметтік проблемалары" атты баяндама, Ресейдің медицина ғылымдары академиясының корреспондет-мүшесі В.Семиглазов "Сүт безінің қатерлі ісігін эндокриндік емдеу" атты баяндама жасайды.

Құрылтай аясында 28-30-қыркүйек аралығында "Онкология-2006" атты халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті