Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, кездесу барысында С. Әбиев екі ел арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне тоқталды. "Түрікменстан мен Әзербайжан тарихи тамыры ортақ бауырлас елдер. Сондықтан бұл бізді жоғарғы деңгейдегі жақындастыққа итермелеп отыр", - деді ол.
Ол сондай-ақ, А. Мамедгелдиевтің сапарын екі ел арасындағы әскери саладағы қатынастардың басы ретінде қабылдайтынын хабарлады.
"Әзербайжан мен Түрікменстан арасындағы әскери және әскери техникалық ынтмақтастықты дамыту қажетті мәселе ретінде басты назарда болуы керек", - деді С. Әбиев.
А. Мамедгелдиев Әзербайжан мен Түрікменстан арасындағы әскери қатынастарды дамыту екі елдің де мүддесіне сай екендігін атап көрсетті. Ол сонымен қатар, Әзербайжанның аумақтық тұтастығын Түрікменстанның танитыны жөнінде мәлімдеді.
Сондай-ақ, А. Мамедгелдиев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.
"Әзербайжан мен Түрікменстан барлық салаларда, атап айтқанда, саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда ынтымақтасу үшін жақсы мүкіндіктерге ие", - деп мәлімдеді Әзербайжан президенті И. Әлиев.
Әзербайжан президентінің әкімшілігінен хабарланғандай, кездесу барысында И. Әлиев екі елдің халқы әрқашан достық және ынтымақтастық жағдайында өмір сүргені жайында әңгімеледі және осы екі елдің туелсіздігінің қазіргі кезеңінде бауырластық сипаттағы өзара қарым-қатынастарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Әзербайжан басшысы сондай-ақ, екі елдің қорғаныс мекемелері арасындағы ынтымақтастық екі жақты қатынастардың кеңеюіне жол ашатынын атап көрсетті.
Өз кезегінде А. Мамедгелдиев Әзербайжан мен Түрікменстанның қорғаныс министрлері арасындағы ынтымақтастық өзара байланыстар мен өзара тәжірибе алмасуды кеңейту тұрғысынан алғанда аса пайдалы болатынын айтты.