"Съезд Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен өткізіледі. Бұл шараның мақсаты түркі елдері арасындағы бауырластық, достық байланыстарды нығайту, олардың арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға саяды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Съез шеңберінде түркі халықтары арасындағы мәдениет, ғылым, техника, білім беру, экономика, сауда, туризм, саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, армян-әзербайжан және Нагорный Карабах шиеленісі, Солтүстік Кипрдегі ахуал, Иранк пен ауғанстанда тұратын түркі тілдес халықтардың ахуалы жайлы мәселелер талқыланады.
Құрылтайға Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Монғолия, Румыния, Болгария, Греция, Қырым, сондай-ақ, Ресейдің Алтай, Башқұртстан, Чувашия, Дағыстан, Кабардино-Балкария, Татарстан, Карачаево-Черкессия Республикасы секілді аймақтарының өкілдері қатысады. Бакуде өтетін сьезге , сондай-ақ, АҚШ, Таяу Шығыс Ауғанстандағы түрік қоғамдарының өкілдері де келмекші.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті