Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстанның жеті боксшысы 1/8 финалға шықты

Дүйсенбі, 3 қазан күні шаршы алаңдағы жарыстарға 49, 56, 60, 75, 91 келі салмақтағы спортшылар қатысты. ҚР құрамасының ішінен үш боксшы, атап айтқанда, жекпе-жекке екінші рет шыққан Данабек Сужанов пен Ғани Жайлауов, сондай-ақ Бакуде алғаш рет жарысқа түскен Василий Левит өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылардың үшеуі де өз қарсыластарынан басым түсті.

Бүгін Бакуде жарыстың 1/8 финалы өтеді.

4 қазан күні қолғап түйістіретін жұптардың құрамы:

60 кг - Ғани Жайлауов - Явхлан Бариади (Моңғолия);
64 кг - Данияр Елеусінов - Гьюла Кейт (Венгрия);
69 кг - Серік Сәпиев - Ясухиро Сузуки (Япония);
75 кг - Данабек Сужанов - Джесси Харт (США);
81 кг - Әділбек Ниязымбетов - Джейсон Марелла Монрой (Колумбия);
91 кг - Василий Левит - Александр Повернов (Германия);
+91 кг - Иван Дычко - Жанг Жилей (Қытай)