Бұл туралы Бакуде «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма прокуроры Мадьяр Баратов мәлімдеді.
М.Баратовтың сөзіне қарағанда, экстрадицияланған М.Раимов ҚР ҚК 192 бабы бойынша «жалған кәсіпкерлікпен айналысты, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді» деп айыпталып, Қаржы полициясы оған іздеу жариялаған болатын.
Ал Е.Шушкова ҚР ҚК 175 бабы бойынша(жеке меншікке қарсы қылмыс) бойынша айыпталып, ҚР ІІМ-нің іздеу салған азаматтарының қатарына кірген.
Екеуі де Әзірбайжан аумағында Әзірбайжан құқық қорғау органдарының қолына түсіп, Қазақстанға қайтарылды.