Бакуге Қазақстанның қорғаныс министрі келеді

"Даниал Ахметов Әзербайжанның қорғаныс министрі Сафар Абиевтің шақырумен келмек және де сапар екі күнге созылады",- деп хабарлады елшіліктегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сапар аясында Даниал Ахметов С. Абиевпен, Милли меджлис спикері О. Асадовпен, премьер-министр Артур Расизадемен кездеседі деп жоспарланған. "Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевпен кездесуі мүмкін",- деп атап өтті елшіліктегілер.

Сонымен қатар, екі елдің қорғаныс мекемелерінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті