Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен 4,7 млн. тоннадай мұнай тасымалданды

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры пайдалануға берілген сәттен бері Жейхан терминалынан Әзербайжанның 4 млн. 160,628 мың тонна мұнайы тиелген 44 танкер жөнелтілді.

"Қазан айында бұл құбырмен 1 058,03 мың тонна мұнай айдалды, ал Жейхан терминалынан 1 млн. 270,4144 мың тонна мұнайы тиелген 12 танкер жөнелтілді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP (30,1% долевого участия), ГНКАР (25%), Chevron (8,9%), Statoil (8,71%), TPAO (6,53%), Itochu (3,4%), Amerada Hess (2,36%), ENI (5%), ConocoPhilliрs (2,5%), Inрex (2,5%), Total (5%).

Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1768 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1077 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

Жейхан терминалынан алғашқы танкер 4-маусымда жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті