"Қазақстан Әзербайжан елінің жетістіктерін жіті қадағалап отыр. Бұл елдің энергетика саласындағы жетістіктері болашақта Қазақстан экономикасын диверсификациялаудың басты құрамды бөліктерінің бірі тетінде қарастырылады",- деді Н.Назарбаев. Ол Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын пайдалануға беру нәтижесінде Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері біршама артатынын мәлімдеді.
"Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры - Каспий өңірінен қуат көздерін көп бағытта экспорттау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші маңызды элементтердің бірі. Қазақстан бұл процестерге белсене қатысады және өз мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен бірге Қытай, Ресей және Иран бағытытында да тасымалдайтын болады",- деді Қазақстан президенті. Н.Назарбаев Каспийдің бай қоры осы өңірде тұратын елдер мен халықтарға табыс пен жырғаулы тіршілік әкеледі дегенге сенім білдірді. Қазақстан Елбасы мұнай құбырын салуға үлкен күш-жігер мен қаржы жұмсаған жоба инвесторларын құттықтады.