Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Естеріңізде болса, блогер бұған дейін де тұрмыста болған еді. Ол атышулы Айдос Игіліковтың жары атанып, одан бір қыз сүйді. Алайда екі жас біраз уақыттан кейін ажырасып тынды. Жас ана тіпті, бір кездері оның бұрынғы күйеуі өзін ұрып-соққанын да мәлімдеген еді.
Зарина Сапар енді оқырмандарымен тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өмірінде тағы бір адам пайда болғанын, тағы да тұрмыс құратынын мәлімдеді.
"Беташар. Бақыт тілеп қойыңыздар. Айтпақшы,жігітіме подписка жасап тастаңыздаршы,білсін менің оқырмандарымның поддержкасын. Шок қылайық та телефонын шиқылдатып. Танитын адамдарыңыз ба екен?", - деп жазды ол.
Көпшілік екі жасқа жылы тілектерін жаудырып, бақыт тілеп жатыр.