"Бақытты болыңыздар": Ділнәз Ахмадиева тағы да тұрмысқа шығады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесінің жүрегін жаулап алған жігіттің кім екені әзірге белгісіз.

Ол тек желідегі парақшасында онымен түскен видеосын салып, көптің ыстық ықыласына бөленді.

"Сіз бақытқа әбден лайықсыз, бақытты болыңыз", "Кім болса да, сізді сыйласа болғаны, тек жақсылық тілейміз", "Жастар бақытты болсын", "Өте керемет жаңалық, бір басыңыз екеу болсын" деп жазып жатыр желі қолданушылаы.