Қандай отбасында дүниеге келетінін адам жаны өзі таңдайды. Ол таңдау саналы түрде жасалады, себебі оның негізінде белгілі бір тапсырма жатыр. Ең алдымен, ата-анаға бірнәрсені «түсіндіруге» тырысады. Көпшіліктің ойынша балаға ата-ана үйретпейді, керісінше, бала – ата-ананың болашағы. Ал егер бала қиын бағдарламаны таңдайтын болса (мысалы, туа бәткен аурулармен немесе ақаулармен туылса), ендеше бұл жаза емес, кім арқылы дүниеге келсе, соларды ақылға салу. Үнемі көз алдында жүретін, сүйікті, бағалы, өз махаббаттарының жемісінен басқа өмірдің үлкендерді жөнге салып, ойландыратын айласы қалмады.
Баламыздың шамамен 16 жасқа дейінгі ауруы, іс-әрекеттері, тентектіктерінен кейін біз Өмірмен бетпе-бет келеміз. Ұлдар – аналарын, қыздар – әкелерін жөнге салады. Бұл қалжың емес. Осының айғағы ретінде, балалары соқыр болып туылған бір жас жұптың оқиғасы есіме түсіп кетті. Жылады, қайғырды. Қандай бақытты ата-ана, жарасымды жұп, кенеттен мынадай бақытсыздық! Ата-әжелер: «Алла Тағала әділетсіздік танытыпты» - деп шүйіркелесіп жатты. Таныстарының жаны ашып, интернет желісі де шулап жатты. Бәрі: «селфи жасап түскен суреттері сүйкімді, демек, өздері де жақсы, мейірімді жан болғандары ғой» деп ойларын білдіріп жатты.
Бірақ әжелерінің біреуі сәбиді қарасуға көмектесу үшін жастардың пәтеріне көшіп барғанда, өз көзіне өзі сенбей қалды. Бір-біріне деген махаббат пен мінсіз жұптың мөлдіреген көздері қайда кетті? Ұсақ-түйек нәрсеге бола жанжал шығатын. Ит пен мысық сияқты бастары піспейтін. Түнде ғана төсекте татуласатын. Бұны көрудің өзі ауыр тиеді. Байқап тұрғанымыздай, жұбайлардың анасы ғана емес, жаңа туған сәби де бастапқы кезден бастап ата-анасының ұрыс-керісін көргісі келмеген. Сол себепті де, ата-анасы неліктен оның жанарынан айырылғанын түсінеді деп үміттеніп, соқыр болуды таңдаған. Бірақ олар керең болды.
Физикалық көрініс пен ділімізді байланыстыруды бізге ешкім үйретпеген. Біз тым материалистпіз, оған қоса, «экстрасенстердің шайқасын» көруді ұмытпайтын скептикпіз. Біз «жұмыс-үй-жұмыс» деп қана жүреміз. Тұрмыс тіршіліктен қолымыз босамайды. Бізге бұл ұзақ сияқты болып көрінеді. Бір қарасақ, зейнетке де келіп қоямыз. Есімізде не қалады? Бақытты болған сәттеріміз: Теңіздегі демалыс, той, балалардың жетістігі. Ал өзіңіздің жетістіктеріңіз қайда? Пәтер, саяжай, екі көлік – саналмайды. Себебі бұл жұрттың көзіне ғана көрінетін жетістік. Ал «Мәңгілік» тұрғыдан қарасақ ше? Несімен есте қалды?
Баланы дүниеге әкелдің бе? Иә, сен қолыңнан келгенше тырысып, ақша табу үшін, оларды асырау үшін ұнамайтын шаруамен де айналыстың. Олар ер жеткенге дейін сені көрген жоқ, өйткені сен белсіздікке душар болып, түнге дейін ұнатпайтын жұмыста боласың.
Аналар да жетісіп тұрған жоқ! Балаларды дәрігерге сүйрей береді. Содан амал жоқ, ауырып қаласың. Медицинамыз – бар байлығымыз ғой. ХХІ ғасыр, жаңа технология, алайда дені сау балалардың саны артар емес.
Мидағы күйзеліс. Бір күні жалғызбасты ана қоңырау соқты. Жағдайы мүшкіл. Қаражаты жеткіліксіз, ал он жасар баласы үнемі ауыра береді. Ол байғұсқа көмектесетін жан жоқ. Не істеуге болады? Тағы да қайталап айтамын «бала – ата-ана болмысы үшін жауапты». Ойлан! Ойлануға шамасы бар дейсің бе? Ол медициналық тексеруден өту үшін «тиын» қалай тапсам деп жүр.
Оған өзім қоңырау соқтым.
- Ығырың шықты ма?
- Иә. Жанталасып жүрмін.
- Не ойлағаның бар?
- Сен маған қайдағы бір өткен-кеткен жайлы айтасың. Ал мен осы жерде, қазір өмір сүріп жатырмын. Ойланатын уақыт жоқ, жұмыс істеуім керек.
- Балаң сырқатқа шалдығу арқылы оған сенің аналық махаббатының жетіспей жүргенін білдіргісі келетін шығар, солай ойламайсың ба? Оның әкесі де жоқ. Үнемі жалғыз өзі болады. Сен нан табамын деп, жұмыстан босамайсың ғой.
- Енді не істеуім керек?
- Жұмысты ауыстыру керек. Немесе жарты күн ғана істесең болады.
- Жалақыны сен төлейсің бе?
- Былай істейік деп шештім. Сен жарты күндік жұмысқа ауысып, көп уақытыңды балаңа бөлесің. Егер екі аптадан кейін ол сауығып кетпесе, мен саған айлық жалақыңды төлеймін.
Оның ойлануына тағы бір апта кетті. Бәрі жақсы, керемет болатынына Өмірден кепілдік алғымыз келеді ғой. Бірақ Жер – мүмкіншілік беретін орын, сақтандыру компаниясы емес. Жазмышқа сені – бала кезімізден үйренетін міндеттеріміздің бірі.
Жалғызбасты ана менің ұсынысыма келісті. Бас есепші қызметінен қарапайым қызметке әрең дегенде ауысып, бәріне дайын болды. Жұмыстағылардың көпшілігі оның бұл әрекетін түсінген жоқ, үстемдік көрсеткендер де болды. Оны қойшы. Дәрігерге қандай қаражат төлейсің?
Төлеудің қажеті болмады. Дәрігерге де, маған да. Мен өзімнің танысыма жалғызбасты ана болу жаза емес, дүниеге келмей тұрып ұлының таңдап алған «тағдыры» екенін түсіндірдім. Бұлай болғаны саған емес, соған керек болып тұр. Сондықтан да жағдайды сол қалпында қабылдап, ақша жетпей жатыр, дәрі мен дәрігердің қабылдауына жеткіліксіз деп қорқудың еш қажеті жоқ. Ұмыт оны! Жәй ғана «тағдырға» сеніп, ұлыңның не айтқысы келетінін түсін.
Бала сырқатынан айығып кетті. Бір аптадан кейін анасының қорқынышы сейіле бастады. Ал екі аптадан кейін баласы мектепке баруды өтіне бастады.
- «Саған ақша берейін бе?» - деп сұрадым.
Жалғызбасты ана менің сөзіме ренжіп қалды.
- Сен маған көп нәрсені бердің. Көзімді ашып, жағдайға басқа қырынан қарауды үйреттің. Мен сенің алдында қарыздармын.
- Сен қарыздар емессің. Бақытты өмір сүр. Жағдайды түсіну – ғажайыпты тудырады. Адамның қабылдауы өзгерсе, оның айналасындағы бүкіл әлем өзгеріп кетеді.
Бір шешімге келдік. Ешкім-ешкімге қарыздар емес.
Оның орнына танысымның айналасындағылар оны сұрақтың астына алды: баланы қалай жазып алдың? Қандай дәрігерге алып бардың? Қалай емдеді? Бірақ жауаптың орнына «Бала – ата-ана болмысы үшін жауапты» дегенді естиді. Олар таңғалып, еш ойланбастан, ойына да алмай, өз шаруаларымен кете барады. Өз өмірлерін жалғастыра береді.
Аударған: Гүлім Тоқтарбаева