«Бала дауысы» ұлттық ән байқауына іріктеу жүріп жатыр


Айта кеткен жөн, бұл жоба Әлия Назарбаеваның «Жандану» қорына қарайды. Мамыр айында басталған байқауда бірқатар өңірлерде іріктеу өтті. Еліміздегі белгілі продюсерлер мен кәсіби әншілер кіл мықтыда кім мықты екенін анықтайтын болады. 15 қыркүйектен бастан жүзден жүйрік шыққандар Алматы қаласындағы студия-театрда тәлім алып, шеберліктерін шыңдауға талпынбақ. Ал күллі қазақстандықтар көз тіккен ұлттық байқаудың финалы қарашаға жоспарланған. Ақтық сынға сүрінбей жетіп, бас бәйгені қанжығасына байлаған бүлдіршінге музыкалық мектепте оқу гранты табысталады.