«Бала табу – кішігірім хайп» - блогер Диляра

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы НТК Show Ютуб арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

««Бала туылды», «үйленді» деген сияқты хайп болатын болса, статистика көтеріледі. Жақында Әмірдің тұсауы кесіліп, мейрамханада той болады. Сол кезде де, бұйыртса көтеріледі», - деп отыр блогер.

Сондай-ақ, сұхбат барысында оқырмандарынан келетін хейтке иммунитет қалыптастырып алғандығы туралы атап өтті. «Дегенімен, «Мен Ахонның орнында болсам, баяғыда ажырасып кетуші едім. Ол – бақытсыз» деп келген хатты аздап көңіліне алғандығын да жасырмады.