Бала тәрбиесі: баламыздың келешегі өз қолымызда

Егер бала мақтаумен өссе – сенімді болуды үйренеді;

Егер бала адалдықпен мәпеленсе – әділетті болып үйренеді;

Егер бала қауіпсіз екенін терең түйсініп өссе – сенуге үйренеді;

Егер бала мақұлдаумен өссе – өзін сыйлауды үйренеді;

Егер бала махаббатпен мәпеленсе – сүюді және сүйіспеншілігін сыйлауды үйренеді; 

Егер бала таңдау еркіндігін біліп өссе – өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнымен көтеруді үйренеді. 

Сонымен қатар: 

Егер бала тек сын естіп өссе – өзгені айыптауды үйренеді;
Егер бала әжуаның астында өссе – күдікшіл болуды үйренеді;


Егер бала өшпенділік ұясында өссе – дұшпан көруді үйренеді;

Егер бала өштікті көріп өссе – өзгенің жанына жара салуды үйренеді; 

Егер бала түсінбестікпен ауыздықталса – өзгені тыңдамауды үйренеді;

Егер бала өтіріктің ортасында өссе – алдауды үйренеді;

Егер бала абыройсыздықты көріп өссе – өзін кінәлі сезінуді үйренеді. 

Таңдау қолыңызда...

Аударған: Шынар Әбілдә