"Бала тірі. Бірақ...". Жәбірленушіні соққыға жыққандардың арасында отставкадағы орган қызметкерінің ұлы да болған көрінеді

Осы өңірдегі журналист Үйтолған Жареке тағы бір видео жүктеп, оның себебін түсіндіріпті. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

"Бала тірі. Бірақ реанимацияда.

Аяусыз тепкіден кейін алдымен аудандық ауруханаға түседі. Қуандық спортшы, таэквондошы. Оның мына күйге түскенін естіген спортшы достары қарымта қайтарамыз деп даурығады. Сол шиеленісті болдырмау үшін, край мен крайды қырқыстырмау үшін ағасы Сағындық осы видеоны түсіріп чатқа салады. "Қуандықтың жағдайы жақсы" дегенді көрсету мақсатында ғана. Мына жерде күшті дәрілердің күшімен ғана отыр. Ауырсынуды сезбеген. Кейін теміржол ауруханасына ауыстырылғасын жансақтау бөліміне түскен. Жағдайы ауыр.

Тепкілеген балалар әлі қамалған жоқ. Олардың ішінде отставкадағы орган қызметкерінің баласы бар",- деп жазды журналист..


Loading...