"Бала туамын деп бисымаққа тұрмысқа шықпау керек еді": Омар Жәлелдің қанша отбасы бар?

Бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі. 

- Сізде бақытты отбасы бар ма? Бақытты отбасының қаншауы бар деген сұраққа: 

- Менде әлбетте бар. Құдайға шүкір. Бір отбасым бар, деді қазақтың бас биі. 

- Бір ғана отбасыңыз бар ма, деп Аман Тасыған Бибігүл Рамазанның желіде жазғанын оқып берді.  Ал Бибігүл Рмазан былай деп жазба қалдырған болатын.

"Соңғы кездері біреудің жеке басына тиіспей, мусорын шұқымай тынышыма жүр едім. Біреудің іш киімінде не шаруам бар деп. Бірақ Қазақтың бисымағы Омар Жәлел үшінші хатунға кетіп қалды деген постты көріп жағамды ұстап отырмын. Ужас, все таки Кобель!

Екінші хатунынды тастап кеткені несі, тем более она молодая, 88 жылғы емес пе? 

Құлақтан тепкен болып тұр ғой. Блин, вообще енді Ақтауға спикер қылып шақырмаңыз ол кісіні. Ақтауға сол бисымақты шақырған адамды көрейін енді! Екі баласынан хабар алмайды ма? Бірақ бала туамын деп байға шықпау керек еді бисымаққа", - деп жазды ол. 

Бірақ, Омар Жәлел "бұл менің жеке шаруам, өзім шешемін" деп сұрақтан айналып өтті. 

- Мені осы жерге жамандығымды әшкерелеуге шақырдың ба? Қазақ биінің жаманын жасырып, жақсысын асырған. Жамандай берсең бәрі жаман болады. Жақсылығын айтып, жақсылықты көбейту керек, деп Аман Тасығанға ренішін білдірді. 


Еркектің қарызы жайлы былай деп жауап қатты: 

- Еркек пен әйелдің отбасы алдында өзінің қарызы бар. Әйелдің қарызы -еркегіне қызмет ету. Еркектің қарызы - мал табу. Біз батыстан келген идеологиямен шатастық. Еркек - әйелге еңбек ету керек дейді. Біздің шатасқан жеріміз осы.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың қыркүейек айында белгілі ғалым, Абайтанушы Омар Жәлел Шымкентте өткен жиында қазақтың бас биі болып сайланды. Оған көпшілік бірауыздан дауыс берген

- Мен би боламын деп ешкімнен сұраған жоқпын. Халықтың өзі сайлап отыр, деп айтты халқына ризашылығын білдірген. 

Loading...