«Bala Turkvision» байқауының қорытындысы бойынша қазақ тілінде 16 ән жазылады - Ә. Назарбаева

Бұл туралы Алматыда балалар ән байқауының кастингінде «Жандану әлемі» қорының жетекшісі Әлия Назарбаева мәлім етті. 

«Сіздердің таза, әсем дауысыңыз отанымыздың кең даласында шырқалсын. Біздің байқауымыз елдің төрт облысынан ұлты мен жасы әр алуан мыңнан астам баланың басын қосты. Алда әлі он облыс пен қалалар бар», - деді Ә. Назарбаева.

«Bala Turvision» халықаралық балалар байқауының ұлттық іріктеуі - «Жандану әлемі» қоры жобаларының бірі. Оның миссиясы - білім беру, мәдениет және қайырымдылық салаларындағы әлеуметтік жобаларды қолдау мен жүзеге асыру.


Байқауға 8-ден 13 жасқа дейінгі дарынды балалар қатысады. Ұлттық іріктеудің жартылай финалы мен ақтық сыны ағымдағы жылы 16-17 қыркүйекте Астанада өтеді. Жеңімпаз анықталып, ол «Bala Turvision» балалар әндерінің I халықаралық байқауының гранд-финалында ел намысын қорғайды.