Бұл туралы Мәжіліс дептаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegrem парақшасында жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Лицензиялау не үшін маңызды? Ең бастысы – балалардың өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі. Лицензиялау – бұл жауапкершілік пен бірыңғай талаптарға сәйкестік.
Айта кетерлігі, бұл талаптар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар үшін бірдей болады. Бұл – балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі үлкен қадам.
Маңыздысы – лицензиялау балабақшалардың санын қысқартпайды. Өйткені мемлекет жұмыс істеп тұрған мекемелерді сақтап қалуға мүдделі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, лицензиялау талаптары қатаңдатылмайды. Оған қоса, 2027 жылға дейін дайындық кезеңі беріледі. Айтпақшы, жеке мектептер көптен бері лицензия алып келеді, керісінше, бұл олардың санын 20 есе арттыруға кедергі болмады.
"Бұл мәселені біз алғаш рет министрлікте жұмыс істеп жүргенде көтерген едік. Ол кезде үлкен пікірталастар болды. Петициялар, шағымдар түсті – бұл қалыпты жағдай, өйткені кез келген өзгеріске меншік иелері әрдайым сезімтал қарайды. Алайда бүгін, уақыт өте келе, бұл шешімнің қажеттілігі практикада дәлелденді. Осы орайда Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл мен жекеменшік балабақшалар қауымдастықтарының белсенді ұстанымын ерекше атап өткім келеді. Бұл ұйымдар осы бастаманы қолдап қана қоймай, саланың тәртібін реттеуді өздері талап етті", - деп жазды ол.