Балабақшаға апаруды ұмытқан – Әкесі бір жасар егіз балаларын өз көлігінде өлтіріп алды

Балалардың анасы Марисса Кваттроне Родригес осындай жағдайлардың алдын алу үшін АҚШ-та көліктердің ішіне қозғалтқыш өшірілгеннен кейін ішінде біреудің бар-жоғын анықтайтын дабыл технологиясымен жабдықталуын талап етті.

Бір жасар Луна мен Феникстің әкесі Хуан Нью-Йоркке жұмысқа барар сапарында егіз қызы мен ұлын балабақшаға апаруды ұмытып, оларды көлігінің ішінде қалдырған. Салдарынан адам төзгісіз ыстық температурадан екі егіз де қаза тапты. Бұл жағдай 2019 жылдың шілдесінде орын алған.

“Мен Хуанның дірілдеген дауысын естіп тұрсам да, бұл жаңалыққа сене алмадым. Тіпті сенгім де келмеді”,- деді Мариса.

Сол күні Хуан Марисаға жұмыстары тығыз болғандықтан балаларды балабақшадан алуды сұраған. Бұған дейін де олар балаларға кезекпен баратын.

“Маған хуан қоңырау шалып балаларды алуымды сұрады. Мен жарайды дедім. Кейін біршама уақыттан соң ол маған бірнеше рет қоңырау шалыпты. Мен жұмыстарыммен жүріп мән бермедім. Бір қарасам хабарлама жазыпты. Кейін бір жағдайдың болғанын сездім. Себебі ол маған бұлай көп қоңырау шалып, хабарлама жазбайтын. Онымен телефон арқылы сөйлескенімде “құдайым ау, махаббаттарым, жандарым, Мариса мен балаларымызды өлтірдім” деген Хуанның жылаған дауысынан соң мүлде сенгім келмеді. Мен тек жоқ бұл өтірік дей беріппін”,- деді Мариса.


Хуан ауысымнан кейін өзінің Honda седанын көлігінің артқы айнасына қараған кезде ғана сол күні балаларды балабақшаға апармағанын түсінген.

Мариса жағдайды ести салысымен Хуанның жұмысына қарай жүгірген. Келген сәтінде оқиға орны полиция лентасымен қоршалып, онда Мариса өткізбеген. Хуанды полейцейлер алып бара жатқан жерден жедел-жәрдем көлігі де өткен. Мариса оны көріп тіптен шошыған.