Балабақшаны жезөкшелер ордасына айналдырған

Бейнероликтерде қызметкерлердің күндіз бүлдіршіндерді пышақпен қорқытып, қорлағаны, ал түнде мектепке дейінгі мекемені жезөкшелер ордасына айналдырғаны анық көрініп тұр, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Бұл сұмдық жағдай құқық қорғау органдарының қызметкерлері балабақшаға орнатылған жасырын камераларды қарап шыққаннан кейін әшкере болған. Бейнежазбалар аталған облыстың Денау ауданындағы №10, Термез ауданындағы №2 және №23 балабақшаларда түсірілген. Бұл мекемелерде тәрбиешілер мен бала күтушілер айғайлап, пышақ көрсетіп, бүлдіршіндердің зәресін алыпты. Ал түнде олар жезөкшелерге «жеңгетай» болған екен.

Видео 18+