Балаға балиғат жасына толғаннан кейін үйленуге рұқсат беріледі - бас мүфти

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бас мүфти Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өз жұмысында шариғатпен бірге еліміздің ата заңының аясында жұмыс жасайтынын алға тартты. «Елдегі заңға бекітілген заңдармен өмір сүреді. Сол заң Қазақстан мемлекеттінің азаматтарына ортақ» екенін айтты.

Біздің салтымыз бен шариғатымызда ер адам немесе әйел болсын балиғат жасына толған соң үйлене алады. Құран Кәрімнің өзінде «Аллаға иман келтіргендер қалаған әйелдеріңе үйленіңдер» делінген. Яғни балиғат жасына толғаннан кейін үйленуге рұқсат беріледі. Біріншіден, әр ата-ана балаға дұрыс тәрбие беріп, кішкентайынан үйретуі қажет. Қазақта «текті жердің қызын ал» деген сөз бар. Сол себепті үйленген кезде ата-анасына қарап, текті жерден алғаны дұрыс,-дейді Наурызбай қажы.

Тілшілердің бірі: Ризабек секілді имамдар «Докторантура, магистратура оқып не қажеті бар, о дүниеге барғанда сұрамайды ғой» деп айтады. Қоғамның ашу-ызасы өте жоғары. Имамдар неге аузына келгенін айта береді?» деп сұрады.

Жақында ғана, жұма намазында бүкіл республика бойынша мешіттерде білімге қатысты уағыз болды. Ислам діні білімді қолдайды, соған үндейді, білімге шақыратын дін. Мұны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Құранның алғашқы аяты «оқы» деп басталған. Құранда білім-ғылымға қатысты көптеген аят бар. Пайғамбарымыздың өте көп хадисі бар. Сонда білімді адамның Алланың алдында дәрежесі жоғары болады деп айтады, – дейді бас мүфти.