Осы тұрғыда, Caravan.kz медиа-порталының тілшісі "Қарақат мектеп-стдиясының" вокал пәнінің ұстазы Азамат Абдрахиевпен тілдесіп көрді.
- Мектепке келіп сабақ алып ән айтқан бала мен өз қызығушылымен ән айтқан баланың ән айтудағы айырмашылығы қандай?
- Айырмашылық өте үлкен арасы жер мен көктей. Әуесқой әнші ән айтқанда білініп тұрады. Ол адам тырысады бойында талант бар бірақ, білімі жоқ екендігі бәрібір сезіледі.Талант болғанымен білім керек. Ұстазбен жұмыс жасау ол бөлек нәрсе. Сондықтан вокал сабағына барған басқа нәрсе, оның өзіндік қыр сырлары бар. Келген баланың тыныс алу жолдарын ашуы үйрету, түрлі әдістер бар соларді білу керек. Оқымаған бала оны білмейді. Ал оқыған баланы біз қадағалап отырмыз, дыбыспен арнайы жаттығуларды жасатамыз. Ал оқымаған балада ол айдан анық білініп тұрады. Айырмашылық осы.
- Сіздердің мектеп-студияларыңыздан шыққан Республикалық, Халықаралық деңгейде өнер көрсеткен шәкірттеріңіз бар ма?
- Шәкірттерді әрине дайындаймыз, ондай шәкірттеріміз де бар. Қаншама конкурстардан жеңіп жүргендер де бар. Оларды атап айтсам Қарақат Башанова, Әмірхан Ерасыл деген талантты балаларымыз бар. Сосын жақында Қазақ концерт ұйымының ұйымдастыруымен 60 жылдық мерей тойларын атап өтті. Сол кезде «Қарақат мектеп-студиясының» балапандары Роза Қуанышқызымен бірге «Ертеңіме сенемін» атты әнін бір сахнада орындады. Оның өзі біз үшін үлкен жеңіс.Сол концерттен кейін балалардың өнерге деген қызығушылықтары тамаша енді. Өйткені халық әртісінің аурасы керемет көңіл-күй сыйлайды. Ән байқауы, би байқауы сол сияқты түрлі жанрлардағы байқауларға біздің шәкірттеріміз барып, өздерінің таланттарын көрсетіп жүр.
- Қарақат мектеп-студиясына балалар қанша жастан бастап қабылданады? Және бала таңдауда неге қатты мән бересіздер?
- Жалпы біз баланы бес жастан бастап ала береміз. Балабақшаға барып жүрген балаларда келе береді бізге. Қырық минутта екі бала кіріп дайындалады. Баланың өнерге деген ынтасына қызығушылығына мән береміз. Бойында бір нәрсе болса біз байқасақ әрі қарай алып кетуіне септігімізді тигізуге тырысамыз әрине.
- Кейбір ата-аналар балаларын өнерге баулығы
сы келіп үйірмеге берсе балада ынта болмаса оны қалай ашуға болады?
- Ия шыныменде ондай балалар бар. Көбінесе қабілетіне қараймыз ғой. Вокал сабағына алатын болсақ дауысының бояуына қараймыз. Алып кете алатын бала бірден білінеді. Ынтасы аса күшті емес бірақ ата-анасы біздің мектепке алып келсе, біз ол баланы ашуға тырысамыз. Қаншама балалар келеді басында ештеңеге қызықпай сабақ өте келе ынтасы ашылып, әрі қарай алып кететіндер де бар. Өз тәжірибемде мынадай жағдай болған, екі оқушы келеді, сабақ өтіп жүрмін бірақ, бірінші оқушы шаршап келеді сабақ өткісі келмей отырады. Сол кезде мен сен шаршап тұрсың ғой демала ғой деп отырғызып екінші баламен дайындалып жатып, бірінші бала білетін жаттығуларды көрсетем екінші бала оны дұрыс жасай алмайды, өйткені білмейді. Мен әдейі бірінші бала білетін жаттығуды жасап отырмын, сол кезде бірінші бала мен бұны білемін деп көрсетіп ақыр соңы қалай кірісіп, сабақтың аяқталғанын да байқамай қалады. Міне осылай-осылай әр түрлі әдіспен баланың ынтасын ашуға тырысамыз. Кейде балаға, баланың тілімен сөйлесу керек болады. Ондай кездер де басымыздан өтіп жатыр. Бұл өте қызықты, өзімізге ұнайды. Бұл салада тәжірибеміз мол.
- Осы уақытқа дейін қанша шәкірт тәрбиеледіңіздер?
- Осы уақытқа дейін қанша шәкірт екенін нақты білмеймін. Бірақ Қазақстанның кез-келген өңірінде «Қарақат мектеп-студиясы» бар. Мысалы: Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Орал, Сарыағаш деген сияқты қалаларда бар. Шағын аудандарда да бар. Еліміздің түпкір-түпкірінде қаншама шәкірттеріміз бар олардың саны өте көп.
- Ата-аналарға қандай кеңес бересіз ?
- Балаларыңызды өнерге, үйірмелерге беріп дайындаңыздар деп едім. Біздің елімізде қаншама мықты мамандар бар. Бала олардан үйренбесе жаман болмайды. Бойында өнерге деген қызығушылығы болса «Қарақат мектеп-студиясына» алып келіңіздер деп айтар едім. Мұнда Қарақат пен Қыдырәлі ағамыздың айтуымен, тексеруімен өтеді. Мамандарымыз да өте білікті, өз мамандықтарының кәсіби шеберлері. Әрбір бала үлгілі, өнегелі болып өссе екен тілегім бар.