Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бейсембаев атағандай, бұл мәселе батысқа қарағанда шығыста жиі көтеріліп жүр.
Бірақ шығыс өңірдегі әріптестеріммен хабарласқанда әзірге жаппай шағымның туындамағанын айтып отыр. Осы мәселеде балалардың қауіпсіздігіне кері әсер ететін жағдайлардың туындамауын жеке бақылауда ұстауды естеріне салып отырмын, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Мәжіліс кулуарында.
Министр әлеуметтік желілерде оқушылардың сабақтан кеш шыққаны туралы кейбір видеолар фейк екенін атап өтті.
Нақты санмен айтатын болсақ, оның көбісі кейде фейк екенін де көріп отырмыз. Барлық ақпаратты қарап отырмын. Нақты осы мәселе бойынша маған бір ата-ана хабарласып, елдімекенін айтты. Сол елдімекенге байланысты шешім қабылдауды тапсырдым. Біз әрбір мәселені бүкіл Қазақстанда болып жатыр деп айтудан аулақпыз, - деп айтты Ғани Бейсембаев.