Балалар көзімен: Тәуелсіздік және халық құндылықтары. Тұңғыш Президент музейінде күзгі шығармашылық фестивалі өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәуелсіз елде өсіп келе жатқан жас ұрпақ тарих пен ұлттық құндылықтарды қалай қабылдайды? Бұл сауалдың жауабын елорданың жас өнерпаздарын бір алаңға тоғыстырған күзгі шығармашылық фестивальінен табуға болады. Балалардың шығармашылығы арқылы қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен рухани мұрасы жаңаша қырынан көрініс тапты. Ал ұрпақтар сабақтастығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған фестивальдің негізгі идеясына айналды.