Балалар қауіпсіздігіне қатты мән берілуде

Өйткені жыл басынан бері бес бала суға кетсе, тағы бір оқушы жазғы демалыс лагерінен үйіне бара жатқан жолда қайғылы жағдайға душар болды. Осыған байланысты жергілікті полиция, құтқарушы мамандар мен прокуратура органдары балаларға түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды "Хабар-24".

Мамандар танымдық материалдар мен түрлі бейнероликтерді көрсетеді. Осылай облыстағы барлық жазғы демалыс лагерлерін аралап шығуды көздеген ұйымдастырушылар балалармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына күш салмақ.

– Суда жүзу ережелері, қауіпсіздік ережелері, сонымен қатар жолда жүру ережелері мамандармен түсіндіріліп тек жәй түсіндіру емес оларға белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстау керек, не істеу керектігі туралы көрсетіп, мамандармен нақты, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - облыстық прокуратураның бөлім жетекшісі Аслан Нұрғалиев.