Caravan Logo

Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті: балалар аттракциондарының иелеріне талапты күшейту керек!

Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті: балалар аттракциондарының иелеріне талапты күшейту керек!

"Баланың кез келген дене зақымы, жарақаттануы ерекше алаңдаушылық туғызады. Сондықтан біз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне заңнамаға балалар аттаркционының иелеріне талапты күшейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жолдадық", - деп Білім және ылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Раиса Шер бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Талап күшейту аттракцион иелерінің лицензия алу мен жауапкершілігіне қатысты.
Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні Қарақияң ауданындағы Мұнайшы ауылында батуттың аударылуынан 14 бала зардап шекті, олардыің үшеуі ауыр жарақаттарымен ауруханада жатыр.
Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.