"(...) ең қайғылы құбылыс әрине, балалар суициді. Біздің қаланы мысалға алар болсақ, бұл мәселенің көлемі тіпті қауіпті бола түсуде", деді ол бейсенбіде ұстаздармен өткен тамыздық жиналыс барысында.
Оның деректеріне қарағанда, тек соңғы үш жылда ғана Астанада кәмілеттік жасқа толмағандар арасында ондай әрекетке бармақ болған 89 бала тіркелген, оның ішінде 14 бала қаза болды.
"Мұндай сұмдық статистикада интернеттің алар орны үлкен, онда суицид туралы ақпарат өте шұғыл таратылады. Желі ресурстарының талдауы көрсеткендей, суицид жас пайдаланушылар арасында өте кең талқыланатын тақырып.
Оның пікірінше, жағдайдың осылайша ушығуы мектеп бағдарламасына психология жөніндегі пәнді қайта енгізу мәселесін жақсылап қарауды керек етіп отыр. Кезінде бұл пән мектеп бағдарламасынан алынып тасталған, оның орнына штаттағы мектеп психологтары енгізілген, алайда іс жүзінде оның тиімділігі ойдағыдай болмады, деді ол.
" Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қажеті болған жағдайдың өзінде оқушылар мектеп психологына бармайды екен".
"Әрине, бұл бір күннің мәселесі емес. Білім министрлігіне эксперимент негізінде Астананың кейбір мектептерінде "Психология" пәнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", деді әкім.