Балалар үйі мен қарттар үйін біріктірсе - Жазира Байырбекова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші желідегі парақшасында өз қызының еркелігін айта отырып, балалар үйіндегі әр балаға мейірім мен махаббат берілмейтініне қынжылды.

"Қызымыз dara_zhanbolatkyzy ерке. Анасының да, әкесiнiң де, көкесiнiң де, біздің уйде тұратын туған туыстардың да махабатына бөленіп есiп жатыр, Аллаға шүкір!

Менi көп толғандыратын мәселе: Елiмiздегi балалар үйінің бүлдіршіндері аш емес. Оларға материалдык көмек жасайтындар көп.

Бірақ, балаға қарайтындар (нянялар) қаншама мейірімді болғанымен бәріне бірдей керек кезінде махаббат бөле аалмайтыны үшін жаным ауырады. Адамға, балаға мейірім мен көңіл бөлініп тұрса қара нан мен қара су болса да жетедi емес пе?! 

Мен жеке басымның отбасымның мәселесiмен өкiметтен бiр нәрсе сұрамадым.

Бірақ, Мемлекет басшыларынан Балалар үйі мен қарттар үйін бiрiктiрудi сұрағым келедi.

Мүмкiн менiң осы жазбам өкімет басшыларының бір мейiрiмдiсінің құлағына жетіп қалар...

Қарттар үйі мен балалар үйін біріктірсе біраз жүректер мейірімге толар еді! Қолдайсыздар ма?", деп жазды.

Оқырмандар екі жақты пікір қалдырды. 

"Жазира! Сiз алдымен сол нянялардың жұмысын жасап көр. Сосын айт айтатыныңды. Бізде интернаттарда бәрі дерлік сау балалар емес. Аурушаң, ақыл есінде кемiстiгi бар балалар да бар. Оларды жууындыру, киіндіру, бағып қағу деген оңай шаруа емес. Ал алатын айлығы мардымсыз 70 пен 80 мыңның ар жақ бер жағы. Қарттар үйiнде де сондай. Бір нәрсе жазарда зерттеп, зерделеп жазсаңдаршы кішкене. Аузым бар деп жаза бермей. Бала деген шулайды, жылайды, керек десең кейбір балалар анасындай адамдарды боктап кетеді, оларға ұрыссаң басын бәлеге қалады. Керісінше тәрбиешілердi қағазбастылықтан құтқарса солар балаға тәрбие берер едi. Ал бiзде болмайтын пландар мен фото отчёт, видио отчёттар бiтпейтін қағаздарға кемiлiп отырады тәрбиешілер. Соларды қағаздан құтқарса тәрбие де түзелер еді", деп шағымын айтты Сәуле есімді азаматша.

Ал, енді бірілері қолдау танытып, қуана келісті.