Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы қайырымдылық шара өткізілді

Шараға Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина мен «Алтын 21» ЖШС-нің директоры Софья Шарипова қатысты.

Игі шара барысында балалар үйінің директоры Гүлмира Кәрібаева кіріспе сөз сөйледі. Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина өз сөзінде Азия ойындарының маңыздылығына тоқталып, тәрбиеленушілерге патриоттық-тәрбиелік мәні бар лебіз айтты.

Қайырымдылық шара аясында Софья Шарипова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Азия ойындарының ашылу салтанатына арналған 100 кіру билетін табыс етті.


Қайырымдылық шарасы балалар әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Бұл игі бастама жанары жәудіреп, жылылық күтетін жас бүлдіршіндерге қоғам тарапынан көрсетіліп жатқан мейірім мен қамқорлықтың ізгілікті көрінісі болды.