Балалар үйлерінің би ұжымдары арасында байқау өтті

Бас жүлдені Мичурин отбасылық үлгідегі балалар үйінің ансамблі жеңіп алды. Қазылар алқасы ұжымның ерекшелігі мен сонылығын, орындаушылық шеберлік пен сахна мәдениетінің жоғары деңгейін бағалады. Жеңімпаздар 31 мамыр күні Астанада өтетін республикалық «Таң Шолпан» байқауында Павлодар облысының атынан өнер көрсетеді.

Облыстық байқаудың жүлдегерлері қатарында екібастұздық «Үміт» балалар үйінің, Павлодар және Кенжекөлдегі отбасылық үлгідегі балалар қалашықтарының би ансамбльдері бар. Байқау қатысушыларына сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.