"Балаларды алып кетуге келген": Әйелін үйінен күштеп қуды деп айыпталған Әйтеновтың бірінші әйелі оқиғаға қатысты бар шындықты жайып салды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ойын ол танымал ақпарат агенттіктердің бірінің парақшасында қалдырған.

"Оқиғаға пікір білдіруден бас тартқым келген еді, бірақ біздің елімізде сот төрелігіне қол жеткізу үшін қоғамдық пікірдің қысымымен өз мақсатына жету белең алып барады. Шулы оқиғаға қатысты және оған бір жақты қаралуға байланысты, ақпараттың бұрмалану қаупін көріп отырмын.  Сол себепті, адамдардың сыни ойлау пікірін сақтап әрі шындықты білсін деген ниетпен, барлық фактілерге назар аударуларын сұраймын. 

1) Көшіру жоспарлы болды, сондықтан 14.00-ге дейін ерікті түрде көшіру уақыты болды.  Егер Жоғарғы соттың шешімі қажет болса - ол заңға бағынатын азамат ретінде шығып, балаларына зиян келтірмей өз еркімен үйден кетуі керек еді.

2 ) тұрғын үй (4 бөлмелі пәтер) берілді, бұл ретте "оған сыймаймыз" деген аргумент түріндегі одан бас тарту миға қонымсыз дүние

3) 4 жыл ішінде оған мүлікті бөлудің түрлі нұсқалары ұсынылды (соның ішінде бұл үй), бірақ ол бірде-бір медиативті келісімге қол қойған жоқ 

4) өз тарапынан дана немесе оның өкілдері тарапынан ешқашан оның талаптарымен медиативтік келісімнің жобасын ұсынылмады 

5) тараптарға уағдаласуға көмек қолын созғанымда маған оның талабы айтылды: үй+ пәтер + 200 млн теңге. 

6) бұл ретте ол барлық кірістердің 50% мөлшерінде 3 балаға алимент бойынша атқарушылық іс жүргізуді синициялады және 21 жастан бастап берілетін берешек мөлшері белгілі болды. Бұл ретте мұнда бірінші некеде туылған 2 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары ескерілмеді. 

7) Марат ЧСИДІҢ өтініші бойынша балаларды алып кетуге келді, өйткені олардың анасының жағдайы тұрақсыз және балалар үшін қауіпті болды 

8) көшіру рәсіміне қатысқаны үшін (Дананы көшеге сүйреп шығару) және ол оны абайсызда жасады - ол заң бойынша жауап беруге дайын, бірақ халықтың қысымынсыз 🙏 🏻

Әйтенов Мараттың бірінші некеден туған үлкен балаларының анасы ретінде мен олардың ортақ келісімге келе алмағанына және оның салдарынан балалар зардап шегіп жатқаны өте өкінішті екенін айтқым келеді.  Балаларға әкесі де, анасы да қажет, ал баланың санасында ата-ананың бейнесі неғұрлым жағымды болса, болашақта ол соғұрлым бақытты және өзіне сенімді болады.  Дәл осы себепті қоғамдық пікірдің қысымынсыз заң бойынша әділетті шешім шығаруға ат салысайық!

Құрметпен, Лейла Мирас", - деп жазды ол.