Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Маңызды мәселенің бірі – біз білім беру саласындағы жағымсыз құбылыстарды жоюымыз керек. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Мен ата-аналармен жұмыс істеудегі қиындықтар, балаларды мектепке орналастырғанда ақша талап ету т.б. жайлы айтып отырмын. Бұл бізге абырой әпермейді», - деді министр мұғалімдердің тамыз кеңесінде.
Министрлік сіздердің көмектеріңсіз бұл мәселені шеше алмайды, бірлесіп жұмыс істеу керек, деді ол.