Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Бұл өмірде қорланған, зорланған қаншама бала бар. Өмірінің соңына дейін сол ауыр травманы өзімен алып жүрген ересек бар. Тіпті зорлықтың құрбаны болып, өліп кеткен қаншама бейкүнә балапан бар. Олардың артында қайғырып қалған ата-аналары, жақындары бар. Сондай қылмыстық істі ашамын деп жүгіріп жүрген ішкі істер қызметкерлері бар. Сол жаңалықтарды оқып жүректері қарс айырылған миллиондаған адам бар. Солардың бірі мен. Мен мұндай дүниеге бей-жай қарай алмаймын”, - деп жазды журналист.
Сондай-ақ, журналист “егер жігіттің айтқаны өтірік болса, онда онымен ешкім амандаспайтындай ету керек” екенін жазды.
”Егер кеше шыққан жаңалық, расымен фейк болса, онда айтарым бар. Барлық жәбір көрген балалардың эмоциясына түкірген анау байерсымақ жартыбасты қоғамнан шеттетіп, тіпті амандасуға қол ұшын бермейтіндей кэнсел жасау керек! Бір грамм эмпатиясы жоқ, хайп деп миы суланып кеткен арсыз екен. Жігіт деп айтуға аузым бармай тұр”, - деп жазды Арай Әлімхан.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрғали Нұғман есімді жігіт кішкентай кезінде “Балапан” арнасының жобасына түсіп, кейін “продюсерден зорлық көргенін” айтқан еді.