Балалардың жаппай білім алуын қамтамасыз етуге заңнамалық және саяси негіз құру қажет - ЮНЕСКО

К. Мацуура халықтың әлеуметітк жағынан аз қорғалған бөлігінен шыққан балаларды жұмыс істеу қажеттігінен қорғау үшін және оларды оқыту процессіне жұмылдыру үшін арнаулы қолдау көрсетілуге тиіс деп мәлімдеді.

ЮНЕСКО бас хатшысының айтуынша, 5-17 жас аралығындағы 200 млн астам баланың жұмыс істеуге мәжбүр болу дерегіне жол беруге болмайды. Олар балалық шақтың қуаныштарынан, мүмкіндіктер мен артықшылықтарынан айрылған. Олардың тікелей және интеллектуалдық дамуына қатер төнуде.

Жұмыс істеп жүрген балалардың төрттен үш бөлігі 15 жасқа толмаған, ал Халықаралық еңбек ұйымының ең төменгі жас мөлшері туралы 1973 жылғы Конвенциясында 15 жасқа дейінгі балалар жұмыс істеуге тиіс емес деп көрсетілген.

ЮНЕСКО өз әріптестерімен бірлесе отырып Балалардың құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясына мониторинг жүргізу арқылы баланың еңбегін пайдалану деректерімен күресуге уәде береді.