23 қаңтар күні таңертең Павлодар облысы Ертіс ауданына қарасты Бұланбай ауылында өрт шығып, жалғыз мектеп жанып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2010 жылы салынған бір қабатты мектеп ғимараты өрттен толықтай жойылды. Өрттің болжамды себебі – электр бағанасындағы қысқа тұйықталу. Күшті желдің салдарынан жалын ғимаратқа тараған.
"Өрт таңғы сағат тоғыз шамасында басталды. Жалын шарпыған аумақ 153 шаршы метрді құрады. Бастапқы тексеру нәтижесінде ғимарат толықтай өртеніп, қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Бұл мектепте бар болғаны 20 оқушы оқитын. Оларды уақытша жергілікті шағын орталыққа ауыстыру жоспарланып отыр.