Балаларға арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды

Балалар диетологы, кеңесші Клэр Бейслидің айтуына қарағанда, мейрамхана бүлдіршіндерді дұрыс тамақтандыру және жаңа тағамдармен таныстыру үшін ашылып отыр.

Әрине, балаларын дұрыс тамақтандыру  ата-аналардың басты міндеті болып табылады, алайда бұл орында олар тағамның пайдасы мен зияны жөнінде егжей-тегжейлі біле алады.

Мейрамханада балалар көкөніс, жеміс-жидектермен танысып, дәмін татып көре алады. Сондай-ақ көңілді ән тыңдап мультфильм көруге де жағдай жасалған.


Түрлі түсті суреттермен берілген интерактивті мәзір арқылы тапсырыс бере алады, сонымен қатар ата-аналар мамандардан кеңес алуына болады.