Балаларға ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сотталған екі дәрігер әйел тергеу изоляторынан шығарылды

"Жұма күні біздің әйелдер - облыстық балалар ауруханасының емшектегі нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі Құттықыз Ақбалаева мен №2 қалалық балалар ауруханасының емшектегі нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі Алтынай Тілесова бостандыққа шықты. Олардың жас балаларының болуына байланысты қадағалау алқасының шешімімен жазаларын өтеу мерзімі кейінге шегерілді",- деді А. Өтегенова.

Облыстық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрайымының айтуынша, судья Гүлбану Ағаділованың төрағалығымен сот қадағалау алқасының балаларға ВИЧ індетін жұқтыру туралы іске қатысты отырысы 5-қазанда өткен.

"Біздің дәрігерлерді әртүрлі мерзімге соттаған сот үкіміне қарсы ұсынысымыздан бас тартқан болатын. Қазір біз қадағалау алқасының жазбаша қорытындысын күтіп отырмыз, қолымызға тиісімен Жоғарғы сотқа құжаттарды дайындаймыз",- деп хабарлады А. Өтегенова.

Облыстық медицина қызметкерлер кәсіподағының төрайымы, қамауда тағы төрт дәрігердің отырғандығын еске сала кетті. "Бұл № 2 қалалық балалар ауруханасының жасақтау бөлімшесінің меңгерушісі Асылбай Чукуев, № 1 балалар ауруханасының емшектегі нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі Асхат Зарифов, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Мұхамедияр Әуелбеков, № 1 балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әлібек Тастанов. Бұлар оңтүстікқазақстандық педиатрияның ең тәжірибелі дәрігерлері",- деді А. Өтегенова.

"Біз олар бостандыққа шығады деп үміттенеміз. Заңгерлер олардың іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқ екендіктерін айтуда. Тіптен ВИЧ індетін жұқтыру көзі осы күнге дейін анықталмай отырған жоқ па",- деп қосты ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, 27-маусымда Әл-Фараби аудандық соты Зиядинхан Пірниязов балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы іск бойынша үкім шығарған болатын. Үкімге сәйкес, 16 медицина қызметкері әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылған болатын. Сотталушылардың бесеуі шартты жаза мерзімін алған.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 136, олардың сегізі қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен, сондай-ақ 17 анадан ВИЧ індеті табылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті