Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев бұл бастаманы қолдап, әділет органдарына бейресми ұйымды тіркеуге көмек көрсетуді тапсырды. "Есепшотты ашудан бастап барлық процедура үш күннің ішінде бітетін болсын",- деді әкім. "ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге қажетті қаржыны аударуға дайын адамдар мен ұйымдар бар. Меніңше, көп кешікпей-ақ қайырымдылық көмек ауқымы кем дегенде 100 мың долларға жетеді",- деген долбар айтты әкім.
Облыс әкімі сонымен бірге болашақ қордың жұмысына мейлінше ашықтық тіледі. "Қор арқылы үлкен көлемде қаржы ағыны өтеді. Сондықтан қаржыға бақылау қоятын мықты қаржыгерді табу керек",- деді Ө.Шүкеев. "Мемлекеттік шенеуніктердің бұған ешбір қатысы болмауы керек және қор басқармасына беделінде кінарат жоқ адамдар енуге тиіс. Заң тұрғысында ұрлық жасауға ешбір мүмкіндік қалмайтындай етіп бәрін сауатты жасау керек",- деді Ө.Шүкеев.
Отырыста бейресми ұйыммен бірге қамқоршылар кеңесі де құрылатыны айтылды. Оған заңгерлер, ардагерлер, БАҚ басшылары мен медициналық мекемелердің жетекшілері енеді. Олар балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналармен жұмысқа жан-жақты көмек көрсетуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті