"Балаларымыз қазақ тілін де, белорус тілін де білетін болады": Белорустық егіздерге тұрмысқа шыққан апалы-сіңлілі қазақ қыздары

Қазақтың апалы-сіңлілі қыздары қазіргі өмірлері туралы Caravan.kz медиа порталының экслюзивті сұхбатында айтып берді. 

Меруерт: Мен Алматы қаласында өмірге келдім. 7 сыныпқа дейін №11 мектепте оқыдым, кейін "Шаңырақ" спорт мектебіне ауыстым. Мен әйелдер боксынан спорт шеберімін, Қазақстан чемпионымын, Алматының бірінші боксшысымын. Спорт мектебін бітіргеннен кейін Беларусь Мемлекеттік Медицина Университетіне оқуға түстім, алты жыл Негізгі оқу, бір жыл интернатура, екі жыл тамырлы хирургия бойынша резидентурада оқыдым. Мен қазір тамырлы хирургпын, флебологпын. Мен лазерлік операциялармен, склеротерапиямен, ультрадыбыстық диагностикамен айналысамын. Мен тромбэктомия, іштің аортасын протездеу, төменгі аяқтарды айналып өту сияқты үлкен тамырлы операцияларды жүргіземін.

Венерамен арамыз үш жас, мен одан үлкенмін. Ол әйелдер боксынан спорт шеберіне үміткер, 84-ші гимназия-лицейді бітірген. Ол сол жылы оқуға түсіп, негізгі алты жыл интернатураны бітіріп, Минск емханасында терапевт болып жұмыс істеді.

Меруерт сұхбат барысында болашақ жұбайларымен қалай танысқандарын да айтып берді.

Меруерт: Сергей екеуміз Венера Қазақстанға қайтып кетіп, мен жалғыз болған кезде таныстық. Сол кезде күйеуімнің әкесі мен жұмыс істейтін ауруханаға жатқызылды. Маған бір жас жігіт келіп: "мына бөлім қай жерде екенін айтып жібересіз бе?" деді. Мен оларды алып бара алатынымды, көрсететінімді айттым. Бір қарағаннан ғашықтық болды десем болады. Осыдан кейін біз қарым-қатынасты, танысуды жалғастырдық, бір-бірімізді жақсырақ тани бастадық. Оның егіз ағасы бар екенін мен үш айдан кейін ғана білдім. Оны білген кезде "олар кезекпен кездесуге келіп жүрген болса ше?", - деп ойладым. Олардың қаншалықты ұқсас екендері маған қызық болды. Мен бізді таныстыруды сұрай бастадым және бұл жаңа жылға жақын болды. Ол Сергей сияқты өте жақсы адам болып шықты.

- Оларды шатастырып алмайсыздар ма?

ВЕНЕРА: олар мінезі мен темпераменті бойынша өте ерекшеленеді.

МЕРУЕРТ: олардың айырмашылығы он бес минут, бірақ олар әртүрлі.

- Венера болашақ күйеуімен қалай танысты?

МЕРУЕРТ: Венера жаңа жылға және менің туған күніме (1 қаңтар) келді. Мейрамханада тойлап сол жерден танысты.

- Венера мен Александр бірден кездесіп кетті ме?

ВЕНЕРА: Біз араласып, ол маған көңіл бөле бастады. Солай кездесіп кеттік.

Үйленуге ұсынысты қалай жасады?

МЕРУЕРТ: Венера келген кезде біздің кездесіп жүргенімізге 5 ай болған, 6 ай болған кезде үйленуге ұсыныс жасады.

ВЕНЕРА: Маған екі ай кездескеннен кейін, ғашықтар күні ұсыныс жасады. Мүлдем күтпеген жағдай болды.

- Жұбайларыңыз Қазақстан туралы, қазақ мәдениеті жайлы қалай танысты?

Венера: Оларға қазақтың қонақжайлылығы ұнады, европадан кейін олар үшін бұл таңқаларлық жағдай болды.

- Оқырмандарға айтарыңыз болса?

Бақытжан, қыздардың аналары: Мен барлық ата-аналарға балаларына жақсылық тілеуін тілеймін. Ең бастысы – білім беру. Адамның білімі болған кезде, ол өзі қажетті биіктікке жетеді. Мен барлық аналарға балалардың жақсы, әдепті, сәтсіздікке ұшырамауын тілеймін. Олар ата-аналарының еңбегін ақтап, өз бақыттарын тауып, интернетте көргенімдей бауыздап, өлтіріп жатады ондайды ешқашан көрмесін. Қазақстанның бірде бір қызы жапа шекпесін дегім келеді.

МЕРУЕРТ: Мен өзімнен айтқым келеді: жүрегіңізге сеніңіз және оның ізінен жүріңіз. Сол кезде еш жамандық болмайды!

ВЕНЕРА: мен махаббат ұлтқа, жасқа, бойға және салмаққа қарамайды дегім келеді. Ол кенеттен пайда болады. Ең бастысы - махаббат ұшқыны.