“Балаларыңыз жауап беретін болады”: Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын “ақіретпен” қорқытты

Әрбір екі адамның иығында екі періште отыратынын, әрбір сөзді олардың жазып отыратынын айтты Айнұр Тұрсынбаева, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Ертең ақіретте өз сөздеріңе жауап беретін боласыңдар. Бірақ, өз сөздеріңіз үшін ол өмірде ғана емес, осы өмірде де жауап беретін боласыздар", - деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскер ақын сондай-ақ ешкімді талқылаудың қажеті жоқ екенін айтты.


"Біздің біреуді талқылауға, сынауға хақымыз жоқ. Біреудің ісінде шаруамыз болмауы керек. Тек өзімізді ғана, өзіміздің өмірімізді ғана ойлауымыз керек", - деді Айнұр Тұрсынбаева.