Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Профилактикалық шараға жергілікті атқарушы органдар, жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.
Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 141 баланы анықтады.
Олардың ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 9 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты хаттамалар толтырылды.
Ал мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекске сәйкес айыппұл салынды. Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген сегіз жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.
Полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын еске салады.