"Балалы болғанда өкінесің". Say Mo желіге жартылай жалаңаш суретін жариялады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Рэп орындаушы дәл қазір Доминиканда демалып жатыр. Әрине, жалғыз емес, анасымен бірге. Өнер иесі Доминиканның Пунто-Кана жағажайында күнге қыздырынып, суға шомылып жүр.

Доминикан халқы сондай көңілді екен. Мен оларға сырттай ғашық болып қалдым,— дейді Say Mo.

Say Mo-ның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары оны бірден сынап тастады.


Ұят-ай. Қазақтың қызы емессің бе? Жасың 35-те, ертең балалы болғанда өкінесің. Үстіңе мүлдем киім кимей шықпадың ба? —деп жазды желі қолданушылары.